Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

21.05.2025жылы «Оқушы орталығы» КММ базасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі балалардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыру мақсатында «BabySkills-2025» қалалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараға №61 «Сұлтан» бөбекжайының педагогтері мен тәрбиеленушілері 6 құзыреттілік бойынша қатысты.
1. «Киім дизайнері» — Қажымұқан Айханым Мейрамбекқызы, тәлімгері Тасболатова Жараскан Куанткановна

2. «Киіз өнері – Истинг» — Қыдырбек Айзере Серікболсынқызы, тәлімгері Нұрмұханбетова Ақмарал Төлепқызы

3. «Сәндік-қолданбалы өнер – «Матаға сурет салу» — Маралбекұлы Жандос, тәлімгері Мұғазенова Айдана Еркінқызы

4. «Құрақ аппликациясы» — Мырзабай Аяулым Күмісқалиқызы, тәлімгері Алдабергенова Айсауле Амандыковна

5. «3D –дизайнер» — Талғат Шахмардан Наурызбекұлы, тәлімгері Жұбандықова Әлима Нұрымқызы

6. «Агрономия» — Лепес Айкөркем Айдосқызы, тәлімгері Коптлеуова Рухия Эсенгельдыевна

Педагогтер мен тәрбиеленушілер аталған құзыреттіліктер бойынша өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қолөнер шеберліктерін, техникалық ойлауын және еңбекке деген ынтасын жоғары деңгейде көрсете білді. Әр бағыт бойынша балалардың өзін-өзі танытуына, өз қабілеттерін ашуына мүмкіндік беріліп, олардың болашақ мамандыққа қызығушылықтары арта түсті. Чемпионат барысында №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушілері өз жұмыстарын сенімділікпен қорғап, үлкен белсенділік танытты. Бұл шара балалардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда маңызды қадам болып, олардың тұлғалық дамуына оң ықпалын тигізді.

#BabySkillsaktau
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі