Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың психолог маманы Нұрмұханбетова Ақмарал ата-аналармен кездесу өткізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың орны мен маңызы туралы кеңес берді. Кездесу барысында ата-ананың баламен жылы қарым-қатынас орнатуы, эмоциялық қолдау көрсетуі, үлгі бола білуі — баланың тұлғалық дамуына зор әсер ететіні айтылды. Психолог Нұрмұханбетова А.Т. ата-аналарға отбасындағы өзара түсіністік пен махаббаттың бала өміріндегі рөлін […]

Толығырақ

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Құралай Абылаевна ата-аналарға балаға әріптерді дұрыс қосып, сөзді толық оқуға үйрету жолдары бойынша кеңес берді. Кеңес барысында әріптерді тану, буындап оқу, дыбыстарды дұрыс айту және баланың оқуына қолайлы жағдай жасау туралы пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынылды. Сонымен қатар, үй жағдайында баламен қалай жұмыс жүргізуге болатынына […]

Толығырақ

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 сәуір күні мектепалды тобы ата-аналарымен «Мектеп жасына дейінгі баланы оқуға қалай қызықтыру керек?» тақырыбында кеңес беру жұмысы жүргізілді. Әдіскерлер Турниязова М.Б., Жулдызбаева А.А. ата-аналарға баланың оқу дағдысын ойын арқылы дамыту, ынталандыру, үйде жағымды оқу ортасын қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер берді. Кездесу барысында ата-аналарға арнайы сауалнама таратылып, олардың […]

Толығырақ

Қалалық «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауына, бөбекжайымыздың №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі ІІІ орын дипломмен марапатталды. Тәрбиешісі: Әбилова Айдана Серікқызы Құттықтаймыз!

Толығырақ

Қалалық «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» қолдан жасалған бұйымдар байқауына, бөбекжайымыздың №1 «Балапан» тобының тәрбиеленушісі Қалдыбай Инабат Азаматқызы қатысып, жүлделі ІІ орын дипломмен марапатталып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Тәрбиешісі: Алхамова Анаргуль Нургабыловна Құттықтаймыз!

Толығырақ

Отбасы күніне арналған, қалалық «Бақытты отбасы» байқауына, бөбекжайымыздың №3 «Балбөбек» тобының тәрбиеленушісі Абылайқызы Айя қатысып, «Өнегелі отбасы» номинациясымен марапатталды. Тәрбиешісі: Жұбандықова Әлима Нұрымқызы Құттықтаймыз!

Толығырақ

Қалалық «Айгөлек» шығармашылық ән байқауына, бөбекжайымыздың №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушісі Талғат Шахмардан Наурызбекұлы қатысып, «Талантты бүлдіршіндер» номинациясымен марапатталды. Тәрбиешісі: Юсупова Менсулу Атабаевна Құттықтаймыз!

Толығырақ

Қалалық «Мен зерттеушімін» танымдық зерттеушілік байқауына, бөбекжайымыздың №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушісі Қыдырбек Айзере Серікболсынқызы қатысып, шығармашылық топ бойынша «Үздік бірлескен ата-анамен жұмыс» номинациясымен марапатталды. Тәрбиешісі: Юсупова Менсулу Атабаевна Құттықтаймыз!

Толығырақ

28.04.2025ж. №11 «Қызғалдақ» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Лифт (жедел саты) мен кіреберістегі (подъезд) мінез-құлық қағидалары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін балаларға лифтідегі және  кіреберістегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын үйрету. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, мәдениетті мінез-құлық дағдылары қалыптастырылды, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы түсініктер берілді. Балалар […]

Толығырақ

25.04.2025ж. №6 «Ақжелкен» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Топтағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Мақсаты: барлығына қауіпсіз   және жайлы атмосфераны құру үшін балаларға топтағы  мінез-құлықтың негізгі қағидаларын үйрету. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға топ ішінде өз қауіпсіздігін сақтау, бір-біріне зиян келтірмеу, ойыншықтар мен құралдарды дұрыс пайдалану, төтенше жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігі […]

Толығырақ