Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

4.10.2023ж. Ұстаздар күні мерекесіне орай, бөбекжай бүлдіршіндері «Ұстаз — саған мың алғыс!» атты мерекелік шараға тақпақ, ән айтып, бөбекжай педагогтерін мерекелерімен құттықтады. Мерекелік шара флешмоб биімен аяқталды.

Толығырақ

Ардақты ардагерлер! Ақ баталы аталар, ақ пейілді аналар! Баршаларыңызды 1 қазан — Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қарты бар үйдің қазынасы бар! Аман болыңыздар, дендеріңіз сау болсын! Елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп, жас ұрпаққа батасымен жол ашқан, жақсыға тілектес ақылы дария  қариялар мерекесі құтты болсын! Бөбекжайымыздың бүлдіршіндерінің «Менің сүйікті атам мен әжем» тақырыбындағы […]

Толығырақ

Маңғыстау облысының 50 жылдығы мен Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, бөбекжайымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары бірлесе жасаған «Отанды сүю — жүректен» тақырыбында қол өнер және сурет көрмесі ұйымдастырылды. #Ақтау60жыл

Толығырақ

Сүйікті Ақтау қаламызға 60 жыл! №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұжымы баршаңызды Ару қаламыз Ақтаудың- 60 жылдық мерей тойымен құттықтайды! Ақмаржан қаламыз дамып, көркейе берсін. Барша қала тұрғындарына денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Асқақтай бер! Жасай бер! Гүлдене бер! Сүйікті қала — Ақтауым! Педагогтердің құттықтауы және музыка жетекші Г.Құлсариеваның орындауында «Ақтауым» әнін қабыл алыңыздар. Сөзі Ғ. Әріп, Әні […]

Толығырақ

28.09.2023ж. Бөбекжайымызда Маңғыстау облысының 50 жылдығы мен Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, «Мерейлі мекен — Маңғыстау» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Балалардың тілін дамытып, сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін нығайту. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!💐💐💐 #Ақтау60жыл

Толығырақ

Бөбекжайымызда №1 педагогикалық кеңесі өтті. Тақырыбы: «2023-2024 жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары» Педагогикалық кеңеске барлық педагогтар қатысып, жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларының атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Күн тәртібінде бөбекжайдың 2023-2024 оқу жылына алған мақсат, міндеттері талқыланды. Бөбекжай әдіскері Жанмуратова Райса Шолибаевна жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұжымға шығармашылық табыстар және нәтижелі жетістіктер тіледі.

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Балалар жемқорлыққа қарсы» Республикалық балалар суреттерінің байқауын жариялайды. Байқауға 7 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар қатыса алады. Конкурстық жұмыстарды қабылдау а.ж. 13 қыркүйегінен басталып, 13 қазанында аяқталады. Конкурс қорытындысы а.ж. 24 қазанында шығарылады. Конкурстық жұмыстар электрондық нысанда электрондық пошта арқылы қабылданады: artkidsanticorr@mail.ru Байқау туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/1o5noOiNfkUwXcYXMQgYOWEG5TsEn8gUD 📞Анықтама […]

Толығырақ

Жасыл желек — жердің көркі! Бөбекжай ауласында абаттандыру жұмыстары жүргізілді, ағаштар және гүлзарлар егілді. Жаз мезгілінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, жаздың әр күні қызықты өтті. Көкмайса жасыл желектері жайқалған бөбекжайымыздың ауласы өте көрікті!

Толығырақ

5 -қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ диктант жазу күні өткізілді. Диктанттың мақсаты: Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайту. «Тіл — ең асыл құндылық» атты тақырыпта диктант жазу шарасына бөбекжай педагогтері қатысты. Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі — тіл. Ана тіліміз халық болып жасалғаннан бері жан […]

Толығырақ

Бөбекжайымызда 1 қыркүйек — Білім күні мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ән, тақпақ айтып, би билеп, ойын ойнады. Мереке көңілді өтті. Бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Толығырақ