Автор: user

Наурызнаманың онкүндігіне орай, 20 наурыз-ұлттық спорт күні аясында бөбекжайымызда «Асыл мұра» Әке мен бала арасында ұлттық ойындар сайысы өтті. Шара аясында, теңге ілу, асық ату, арқан тартыс, қол күрес, ләңгі тебу, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз! Сайысқа белсене қатысқан әкелерге алғыс білдіреміз! Дене шынықтыру мамандары: Казиева Маншук Алибаевна Айзақова Қалдыгүл Салмырзақызы #Наурызнама […]

Бөбекжайымызда наурыз мерекесіне орай, бірлескен жұмыстар көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. «Ұлы даланың құндылықтары» көрмесі Ұлыстың Ұлы күні — 22 Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Көрмеде балалар мен олардың ата-аналарының салған суреттері, қолөнер бұйымдары болды. Көрменің мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт […]

Бөбекжайымызда наурыз айының 18,19,20-күндері, наурыз мерекелерін тойлауға арналған жоспарына сәйкес, ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Мақсаты: Балаларға наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #МаңғыстауБілімБасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

19.03.2024ж. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз мерекесіне орай, бөбекжай қызметкерлері арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік шара өткізілді. Шарада бөбекжай қызметкерлері салт-дәстүрлерді көрсетіп, әртүрлі номинациялармен марапатталды. Сонымен қатар әжелер, келіндер, бұрымды қыздарымыз ұлттық киім сән үлгісін көрсетіп, «Дана әже», «Ибалы келін», «Бұрымды ару» «Көрермен көзайымы» номинацияларына ие болды. Наурыз […]

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 19 наурыз — Жаңару күні болып белгіленді. Бұл күні көктемгі көшеттер, ағаштар отырғызу жасалады. Көктем -табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Ұлық мейрам- Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарын білдіреді. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бүгінгі «Жаңару күні» бөбекжайымызды жасыл желекке бөлеуге бөбекжай ата-аналары мен бөбекжай қызметкерлері өз үлестерін […]

18 наурыз — Ұлттық киім күні. Қазақстандағы «Наурызнама» онкүндігінің аясында ұлтымыздың құндылықтарын бірге дәріптеп, ұлттық қазынамыздың қадіріне жете білейік! Ұлттық нақышта киініп жүру, оны заманауи сән үлгісіне айналдыру, ата-баба ғұрыпын дәріптеу өз қолымызда екенін ұмытпайық. Салт -дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, болашақ жас ұрпаққа үлгі етейік. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #наурызонкүндігі #маңғыстауоблысыбілімбасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #ақтаубілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

18.03.2024ж. Наурыз мерекесіне орай, бөбекжайымызда топтар арасында «Асық алтын қазынам» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға әр топтан екі баладан шығып, жиналған асықтарын балабақша қоржынына салды. Барлық топтан 500дей асық жиналды. Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп акция көңілді аяқталды. Акцияға белсене қатысқан ата-аналарға ерекше алғыс айтамыз. #Наурызнама #Біртұтас_тәрбие #маңғыстауоблысыблімбасқармасы #оқуәдістемелікорталығы #қалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау

Ағымдағы жылдың наурыз айының 15 жұлдызы «Қайырымдылық күні» қарсаңында, №61 «Сұлтан» бөбекжай ұжымы және ата-аналары қаламыздың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық- түлік себетін табыстады. Темірбай Інжу Азидоллақызың Туркия еліне емделуіне қолдау білдірілді. Інжу қызымыздың көрер қызығы көп болсын. Ғұмырлы болсын. Тез сауығып отбасына аман-есен оралуын тілейміз! Жақсылық жасауда ат салысқан барлық жандарға алғыс айтамыз! […]

Наурыз айының 14-15 күндері барлық топтарда Амал мерекесіне арналған «Амал- татулық пен бірлік мерекесі» тақырыбында ертеңгіліктер өтті.

14.03.2024ж. Қалалық «Шынығамыз бәріміз» атты дене шынықтыру педагогтеріне арналған спорттық ойындар байқауына №61 Сұлтан» бөбекжайының дене шынықтыру маманы Казиева Маншук Алибаевна қатысты. №9 «Күншуақ» мад тобының ұйымдастырылған іс-әрекеті Тақырыбы: «Шынықсаң — шымыр боларсың»