Автор: user

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі» науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес, отбасын біріктіруге және бөбекжайда достық атмосфераны қалыптастыру мақсатында отбасылық «Мен анаммен сурет саламын» атты шара ұйымдастырылды. #балажан #жолкартасыақтау #оқуәдістемелікорталығы #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Ұлттыққұндылықтар #Ақтауқалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 2024 жылдың 30 мамыр күні «Балажан: ата-аналардың еріктілік қызметі» науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес, қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін ата-аналар мен педагогтер арасындағы тығыз қарым қатынасты арттыру мақсатында ересек тобының ата-аналары «Ертегілер елінде» тақырыбында балаларға шығармашылық шара ұйымдастырды. Ата-аналар «Бауырсақ» ертегісін сахналап соңында сөз сөйлеп, балаларды 1 маусым — Халықаралық балаларды […]

29 мамыр күні бөбекжайымызда 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша , педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте келесі мәселелер қаралды: 1️⃣Бөбекжайдың 2023-2024 оқу жылының қорытындысы. 2️⃣Педагогтердің жұмысының есебі. 3️⃣Жазғы сауықтыру жұмысының жоспарын бекіту. 4️⃣Жаңа оқу жылына бағыт бағдарлау. Педагогикалық кеңес барысында сұрақтар қойылып, жылдық жұмыстарының есебі тыңдалып, талқыланды, мәселелер қарастырылды, шешім шығарылды.

13.05.2024ж. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалі өтті. Бөбекжайымыздың тәрбиеленушілері «Эстрадалық вокал» жанры бойынша ІІІ орынға ие болды. Ән-саз жетекшісі: Кульсариева Гульнара Орыновна. Құттықтаймыз! #жолкартасыақтау #оқуәдістемелікорталығы #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Ұлттыққұндылықтар #Ақтауқалалықбілімбөлімі #ұлттықбаяндамамаңғыстау