Автор: user

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мерекелік спорттық шараға ұйымдастырылды. Мерекелік шара теңіз жағалауында көтеріңкі көңіл күй мен достық қарым-қатынаста өтті. Шараға қатысқан бөбекжайымыздың №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Махмут Батырхан Серікұлы дипломмен марапатталып, естелік сыйлық табысталды. Тәрбиешісі: Олжабай Гүлнұр Амантайқызы #1маусымбалалардықорғаукүні

Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «BabySkills-2024» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Құрақ аппликациясы» құзыреттілігі бойынша Саламатқызы Зарема «Болашақтың маманы» дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Садыбекова Майра Нұрланқызы Құттықтаймыз!

Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы «BabySkills-2024» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Сәндік қолданбалы өнер — «Матаға сурет салу» құзыреттілігі бойынша Абубаки Амира «Болашақтың маманы» дипломымен марапатталды. Жетекшісі: Садыбекова Майра Нұрланқызы Құттықтаймыз!

Қалалық «Менің Елім — менің бақытты балалық шағым» байқауына №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушілері Жеткізген Гүлсезім Қайрат Айзере Қосым Сана Нұрболат Фатима Сәрсенғали Мәрмәр Дүйсен Медина қатысып, «Көркем орындау шеберлігі» номинациясы дипломымен марапатталды. Тәрбиешісі: Туржанова Эльвира Амангельдиевна Құттықтаймыз!

Қалалық «Үздік психолог — 2024 жыл новаторы» онлайн кәсіби шеберлік байқауы Ақтау қаласы бойынша «Оқу — әдістемелік орталығы КММ-де өтті. Байқауға №61 «Сұлтан» бөбекжай педагог-психологы Батырбаева Жайна Болатқызы қатысып, мектепке дейінгі білім беру ұйымында 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар санаты бойынша жүлделі ІІ орын дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 2024 жылдың 31 мамыр күні, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Біздің мейрам» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: Балаларды шат-шадыман көңіл-күй мен күміс күлкіге бөлеу. Ән айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Шара барысында бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, түрлі ойындар ойнады. Мереке көңілді өтті. Барлық бүлдіршіндерді төл мерекесімен […]

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Ақтау қаласының жол картасы бойынша балабақшаларда «BabySkills-ерте кәсіптік бағдарлау» жобасын іске асыру, ерте жастан мамандыққа баулу, мектеп жасына дейінгі балалардың жұмысшы мамандығына құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «BabySkills-2024» қалалық чемпионаты 2024жыл 27-29 мамыр күндері «Оқушы Орталығы» КММ базасында өтті. «BabySkills-2024» чемпионатына №61 «Сұлтан» бөбекжайының тәрбиеленушілері Абубаки Амира, […]