Автор: user

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен №61 «Сұлтан» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында музыка жетекшілерінің біліктілік арттыру курсы өтті. Бөбежайымыздың музыка жетекшісі, педагог- зерттеуші: Г.О.Құлсариева курс тыңдаушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыка жетекшілеріне «Ғажайып әуен» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Курсқа […]

13.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №11 «Қызғалдақ» ересек тобының тәрбиешісі Жалғасова Құндыз Женгисовна балалармен «Сиқырлы су» тақырыбында сумен іс-тәжірибе жасады. Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Қарапайым зерттеу әдістеріне тарту. Жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылығын ояту. Алғашқы тәжірибе жасау дағдыларын дамыту. Қоршаған ортаны […]

8.07-12.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын, икемділіктерін арттыру. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту . Ой -өрісін дамытып, үйлесімін жетілдіру. Балалардың қимылын, дене белсенділігін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын дамытуда […]

10.06-14.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес «Экология» апталығы өтілуде. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейтуге ықпал ету. Жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу. №8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері маусым айының 12 күні, «Ботаникалық баққа» саяхат жасады. Балалар саяхат барысында гүлдердің […]

12.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиешісі Юсупова Менсулу Атабаевна балалармен құстарға ұя жасап, «Табиғатты аялайық» тақырыбында түрлі суреттерді бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін бекіту. Құстарға қамқор болуға, оларды аялауға үйрету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, […]

№61 «Сұлтан» бөбекжай қызметкерлері 2024 жылдың 2 маусым күні дәстүрлі туған жердің тамаша табиғаты мен көрікті, киелі жерлерімен танысу мақсатында Ақтау қаласынан 90 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан табиғат ғажайыптарының бірі — Саура шатқалына саяхатқа шықты. Табиғат аясында көңілді ойындар ойнап, ән айтып, би билеп саяхатта өткізген әр сәтіміз есте қаларлықтай керемет, қызықты өтті. […]

10.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №9 «Күншуақ» ересек тобының тәрбиешісі Момынова Эльмира Дулатбековна тәрбиеленушілерге «Ғажайып түстер» тақырыбында сумен тәжірибелік жұмыс жүргізді. Мақсаты: балаларды тәжірибелік жұмыс жасауға қызығушылығын арттыру, ұсақ қол маторикасын дамыту, зейінін тұрақтандыру, балаларға көңілді көңіл-күй сыйлау.