Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

Бөбекжайымыздың жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, 19 шілде күні «Су атасы Сүлеймен қонақта» атты ойын-сауық өтті. Бөбекжай ауласы мерекеге сай безендірілді. Мерекеде әр-түрлі эстафеталық ойындар, су мен ойын, сабынды көпіршіктермен ойындар ойнатылды, балалардың барлығы шараға белсенді қатысты. Мерекеге көңілді балықтар мен су асты патшалығының тұрғындары, Сүлеймен ата келіп, балалармен ән айтып, би биледі. Балаларға мереке […]

Толығырақ

15.07-19.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы өткізілді. Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың қимыл-қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. «Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы барысында тәрбиешілер сумен түрлі қимылды ойындар, дәстүрден тыс сурет салу […]

Толығырақ

«Теңіз тіршілігі», «Сумен ойындар» апталығы аясында, бөбекжай тәрбиешілері, бүлдіршіндер және ата-аналарымен бірлескен «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Су асты әлемінің тіршілік иелерімен таныстыру. Тірі табиғатқа деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттырып, оның әсемдігін сезіне білуге, оларға қамқор болуға баулу. Балықтардың дене мүшелері, тіршілігі және іс-әрекетімен таныстыру. Балалар қызығушылықпен көрмеге қатысты. Көрмеге қатысқан ата-аналарымызға алғыс білдіреміз!

Толығырақ

8.07-12.07.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ұлттық ойындар» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен «Ұлттық ойындар әлемінде» тақырыбында ойын-сауық шарасы өтті. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын, икемділіктерін арттыру. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту . Ой -өрісін дамытып, үйлесімін жетілдіру. Балалардың қимылын, дене белсенділігін, коммуникативтік, танымдық дағдыларын дамытуда […]

Толығырақ

Жазғы сауықтыру — шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Ұлттық ойындар» апталығы. Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Бір — біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту.  8.07.-12.07.2024ж. аралығында барлық топтарда, тәрбиеленушілер «Ұлттық ойындар» ойындарын ойнады. Балаларға ұлттық ойындар ойнаған қатты ұнады, қызығушылықпен қатысып, ептіліктерін […]

Толығырақ