Автор: user

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 1 қыркүйек — Білім күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ән, тақпақ айтып, би билеп, ойын ойнады. Мереке көңілді өтті. Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын! Басталған жаңа оқу жылы табысты, сәтті, шығармашылық пен жетістіктерге толы жыл болсын! #жолкартасыақтау #Ұлттыққұндылықтар #Біртұтастәрбиебағдарламасы #ұлттықбаяндамамаңғыстау #оқуәдістемелікорталығы #Ақтауқалалықбілімбөлімі

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ. №61 «Сұлтан» бөбекжайында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Тақырыбы: «2024-2025 жаңа оқу жылындағы бөбекжай қызметінің негізгі бағыттары» Педагогикалық кеңеске бөбекжай педагогтері толық қатысып, жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларының атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Педагогикалық кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, талқыланды. ✅️Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске […]

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 26.08-29.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Қош бол, жарқын жаз!» апталығы. Мақсаты: Жаз мезгілінің ерекшеліктерімен құбылыстары туралы әңгімелесу. Сауықтыру-шынықтыру шараларын орындау арқылы ептілікке баулу. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жаз балаларға серуендеуге, жүгіруге және секіруге болатын таңғажайып және құнарлы уақыт. Дәл осы кезеңде олар ашық ауада көп […]

29.08.2024ж. бөбекжайымызда 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Айбары асқақ – Ата заң» тақырыбында барлық топ қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт- дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу. Балалар мерекелік шараны әнұран орындаудан бастады. Балаларға еліміздің дамуы мен ҚР рәміздері мен Астана қаласының көрікті […]

28.08.2024ж. Бөбекжайымыздың барлық топтарында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, «Ата Заңым-ардағым!» тақырыбында тақырыптық іс-әрекеттер өтті. Мақсаты: Балаларға еліміздің Ата заңы жөнінде түсінік беру. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.