Автор: user

11.06.2025ж. Ересек топ балалары таза ауада «Досыма сыйлық» тақырыбында шығармашылық жұмыстармен айналысты. Іс-шара барысында балалар «Менің досым» тақырыбында әңгімелесіп, достық туралы түсінік қалыптастырды. Олар достық туралы ән тыңдап, бірге шырқады. «Шығармашылық шеберханасы» бөлімінде балалар өз қиялдарын іске қосып, жапсыру, сурет салу арқылы достарына арнап сыйлықтар дайындады. Шара соңында бір-біріне жылы лебіздерін, ақ тілектерін арнады. Бұл […]

📌Жаңа жүйе – жаңа мүмкіндік! Балаларды балабақшаға қабылдау ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ жүйесі арқылы іске асады! Енді ата-аналар өздері қалаған балабақшаны таңдай алады, ал қаражат балаға бекітіледі. 📌 Әділдік 📌 Ашықтық 📌 Таңдау еркіндігі 📌 Сапалы қызметке қолжетімділік

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық топтарда тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді. Мақсаты: Балардың рәміздер туралы түсінігін қалыптастыру. Мемлекетіміздің аса маңызды белгілеріне құрметпен қарауға дағдыландыру. #рәміздеркүні #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын! 1992 жылғы маусым айының 4 жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Осы мерекеге орай бөбекжай тәрбиешілері мен тәрбиеленушілер Мемлекеттік Гимнді орындады. […]

30.05.2025ж. 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, бөбекжайымызда ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың мейірімділік, достық, қуаныш, бейбіт өмір сынды құндылықтарды сезініп, мерекелік көңіл күймен қуануына жағдай жасау. Балалардың шығармашылық қабілетін, белсенділігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын дамыту. Балалардың асыға күтетін бұл күні олар үшін ерекше […]

30.05.2025ж. бөбекжайымызда 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналған жарқын, көңілді мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру, оларға мерекелік атмосфера сыйлау, ұйымшылдық пен достыққа баулу, әр баланың өзін еркін әрі бақытты сезінуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің өнерін, белсенділігін дамыту, мерекелік мәдениетке баулу. Бұл ерекше күн – […]

2025 жылдың 30 мамыр күні бөбекжайымызда №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «2024–2025 оқу жылының қорытынды нәтижелері». 🔹Кеңес барысында ұжымдық ынтымақтастықты нығайту мақсатында психолог Нұрмұханбетова Ақмарал Төлепқызы жүргізген «Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік» атты мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. 🔹Әр жас ерекшелік топтарының тәрбиешілері – кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды топ педагогтері – оқу жылындағы жетістіктері мен […]

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай бөбекжайымызда ерекше көңілді, шығармашылыққа толы «Мен бақытты баламын» атты асфальтқа сурет салу мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетіне күн сәулесі, гүлдер, отбасын, табиғатты, достық пен шаттықты бейнелеп, өз қиялындағы бақытты әлемін суретке түсірді. Балалардың әр туындысы – олардың жүрегіндегі таза сезім мен бала арманының […]

Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен, композитор, әнші, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдығына орай, ІІ қалалық «Ақтау жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға №61 «Сұлтан» бөбекжайының №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушілері 🔹️ Мырзабай Аяулым Күмісқалиқызы 🔹️ Қыдырбек Айзере Серікболсынқызы 🔹️ Еркінұлы Әлихан 🔹️ Талғат Шахмардан Наурызбекұлы қатысып, «Алғыс хат» дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы […]