Автор: user

«Кітапtime» оқу апталығы аясында «Кітап-білім бұлағы» атты бөбекжайға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылып, оқу сауаттылық апталығы қорытыланды. Мақсаты: бөбекжайдағы кітапхана бұрышындағы кітаптар қорын заманауи басылымдармен толықтыру. №61 «Сұлтан» бөбекжайының ата-аналары белсенділік танытып, өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. Акцияға 6 топ қатысып, бөбекжайдағы кітапхана бұрышы түрлі кітаптармен толықтырылды. Бөбекжайға кітап сыйла акциясына белсене атсалысқан №1 «Балапан», […]

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бағытында, «Кітапtime» оқу апталығы аясында «Үйдегі кітаптар» тақырыбында отбасымен кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Челленджге қатысушы №1 «Балапан»ортаңғы, №2 «Құлыншақ» ортаңғы ортаңғы, №3 «Балбөбек» кіші, №4 «Ақбота» ортаңғы, №5 «Түймедақ» ересек, №8 «Айгөлек» мад, №9 «Күншуақ» мад, №10 «Ақбұлақ» ересек топтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі

«Кітапtime» оқу сауаттылық апталығы. «Суреттер сөйлейді» тақырыбында (қима суреттерден кітапша жасау) қол өнері Мақсаты: Балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. №9 «Күншуақ» мектепалды тобы Тәрбинші: Момынова Э.Д.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспары бойынша №8 «Айгөлек» мектепалды тобының тәрбиеленушілері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасына экскурсияға барды. Экскурсия арқылы тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулып, балаларды кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеп, кітап сүйер қауым әлеміне ынталандырылды. Тәрбиеші: Юсупова М.А.

«Кітапtime» оқу апталығының кезекті іс-шарасы «Жедел жәрдем», №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Кітаптарды емдейміз» тақырыбында сюжетті-рөлдік ойыны ойнатылды. Балалар кітаптарды емдеп, қызықты уақыт өткізді. Мақсаты: Балаларды кітап мәдениетіне баулу, кітапты сүюге тәрбиелеу, кітапты күтіп ұстауға, жыртпай ұқыпты ұстауға үйрету. Тәрбиеші: Абилова А.С.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспарына сәйкес №1 «Балапан» ортаңғы тобының бүлдіршіндері тәрбиешімен бірге «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегісін оқып, ертегіге байланысты сызбаларды пайдаланып лэпбук жасады. Лэпбук шығарманың ретімен есте сақтауға көмектеседі, балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін шағын қолдан жасалған кітапша болып табылады. Тәрбиеші: Алхамова А.Н.

«Кітапtime» оқу апталығы аясында №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында сөйлейтін кітапхана ретінде промо-ролик көрсетілді. Балалар қызығушылықпен тыңдап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап берді. Бұл балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін біршама арттырды. Тәрбиеші: Жанабаева К.А.

«Кітапtime» оқу апталығы аясында №3 «Балбөбек» кіші тобының балаларына «Күш-білімде, білім-кітапта» тақырыбында қимылды ойын өткізілді. Балалар кітаптарды пайдаланып, тәрбиешінің көмегімен флешмоб биледі. Кітаптың маңызы, ондағы сарқылмас білім жайлы ақпарат алып, кітапқа деген алғаш қызығушылықтарын оятты. Тәрбиеші: Өтегенқызы Г.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспарына сәйкес №2 «Құлыншақ» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері «Мен оқығанды жақсы көремін» тақырыбында қағаздан кітапқа арналған бетбелгі жасауды үйренді. Балалар өздерінің жасап отырған бетбелгілерін, оқып отырған кітаптың парағын тез тауып алу үшін қажет екенін түсінді және қызығушылықпен жасады. Тәрбиеші: Турарбекова Ф.Т.

09.12-13.12.2024ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бағытында «Кітапtime» оқу апталығы өтті. Мақсаты: Кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту. Кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. «Кітапtime» оқу апталығының жоспары бойынша №5 «Түймедақ» ересек тобында «Кітап қайдан […]