Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Автор: user

27 маусым күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Қауіпсіз жаз» апталығының қорытынды мерекелік ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Өрт — дос емес!» Бөбекжай ауласында өткен бұл қызықты ойын-сауыққа балалар ерекше көңіл-күймен қатысты. Шара барысында балалар екі топқа бөлініп, түрлі жарыс ойындарын ойнады. Атап айтқанда, «Өрт сөндіру», «Кейіпкерлерді құтқару», «Су шашу» сияқты ойындар балалардың белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оятты. Мерекеге […]

Толығырақ

«Қауіпсіз жаз» апталығы аясында кіші, ортаңғы, ересек топтарында «Қауіпті заттар мен құралдар», «Бағдаршам күні» т.б тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті. Мақсаты: балаларға тұрмыста кездесетін қауіпті заттар мен құралдардың түрлерін таныстырып, олардан сақтану жолдарын үйрету, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға баулу. Тәрбиешілер балаларға қауіпті заттар туралы жан-жақты түсіндіріп, олардың не себепті қауіпті екенін айтты. Одан кейін балалармен сюжетті-рөлдік […]

Толығырақ

Жазғы сауықтыру жұмыстарының жоспарына сәйкес, 16 маусым мен 20 маусым аралығында бөбекжайда «Жаз да келді, көңілді!» атты апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында барлық топтарда жаз мезгілі және жаздағы ауа райы туралы әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, балалардың маусымдық ерекшеліктерді тануына мүмкіндік жасалды. Балалар жаз туралы өлеңдер оқып, құм мен сумен әртүрлі ойындар ойнады. «Құм мен су» тәжірибесі арқылы […]

Толығырақ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5 маусым күні қауымдастық топтың мектепке дейінгі мекемелер арасында «Спорттық олимпиада балабақшада» байқауы өтті. Байқауға бөбекжайымыздың дене тәрбиесі нұсқаушысы Казиева Маншук Алибаевна қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Толығырақ

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Жауқазын» шығармашылық өнер фестивалінде «Эстрадалық вокал» жанры бойынша бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиеленушілері қатысып, «Ең талантты топ» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Зейноллаева Гаухар Зейноллақызы Құттықтаймыз! #Біртұтастәрбиебағдарламасы #Біртұтас_тәрбие #Ұлттыққұндылықтар #ұлттықбаяндамамаңғыстау #жолкартасыақтау #ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы #Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім

Толығырақ

2025 жылдың маусым айының 13 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұйымдастыруымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курс тыңдаушыларына «Бастауыш мектептермен сабақтастықты тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтерін кәсіби дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді. Мақсаты: Мектепке […]

Толығырақ

Бөбекжай директоры Т.К.Балмагамбетова педагогтерге арнап «Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру» жүйесі бойынша түсіндіру жиналысын өткізді. Жиналыс барысында жаңа жүйенің мазмұны, мақсат-міндеттері, енгізілу тәртібі түсіндірілді. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл өзгерістер – білім беру сапасын арттыру мен ата-аналардың таңдау еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Толығырақ

Бөбекжайымызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес, «Алтын сақа» ұлттық ойындар апталығы өтті. Дене тәрбиесі нұсқаушылары Казиева М.А., Боранбаева А.Е. балаларға «Асық ойындары» атты көңілді ойын-сауық шарасын өткізді. Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, асық ату арқылы дәлдікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, достық қарым-қатынасты нығайту және дене қозғалысын жетілдіру. Балалар асық ату, қолға жиып алу сияқты […]

Толығырақ

Толығырақ

11.06.2025ж. Ересек топ балалары таза ауада «Досыма сыйлық» тақырыбында шығармашылық жұмыстармен айналысты. Іс-шара барысында балалар «Менің досым» тақырыбында әңгімелесіп, достық туралы түсінік қалыптастырды. Олар достық туралы ән тыңдап, бірге шырқады. «Шығармашылық шеберханасы» бөлімінде балалар өз қиялдарын іске қосып, жапсыру, сурет салу арқылы достарына арнап сыйлықтар дайындады. Шара соңында бір-біріне жылы лебіздерін, ақ тілектерін арнады. Бұл […]

Толығырақ