Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 28 ақпан күні ата-аналарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында тәрбиеші Кансултанова Нуржамал Хидиркожаевна ата-аналарға арналған «Жүректен жүрекке», «Мектепке дейінгі балалардың өмірінде анасы мен әкесінің рөлі» тақырыбында тренинг өткізді. Бөбекжайымыздың медбикесі Хонарова Айжан Дауылбаевна «Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау» тақырыбында баяндама оқып, ата-аналарға кеңес берді. Дене шынықтыру маманы Казиева Маншук Алибаевна «Күн тәртібі-бала денсаулығының негізі» тақырыбында кеңес беріп, бөбекжайдағы ұлттық ойындармен таныстырды.
Тәрбиешілер Өтегенқызы Гүлмира және Алдабергенова Айсауле Амандыковна бөбекжайдағы дидактикалық ойындар көрмесімен таныстырып, үй жағдайында балалармен ойналатын қарапайым ойындарды ойнауға кеңес берді.
#консультациялықпункт
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім