Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 13 қараша күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында Маңғыстау облысы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған Республикалық біліктілікті арттыру курсының «Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың заманауи формалары» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өтті.
Бөбекжай директоры Балмагамбетова Тыныштык Калниязовна педагогтерді семинардың бағдарламасымен таныстырып, педагогтерге сәттілік тіледі. Семинар барысында тәрбиеші Жалгасова Құндыз Женгисовна «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында педагогтермен тренинг өткізді. Бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Туметова Акпанар Кушербаевна мен №3 «Балбөбек» кіші тобының тәрбиешісі Өтегенқызы Гүлмира «Ұшқыр ой алаңы»  зияткерлік ойынын өткізді. №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиешісі Алхамова Анаргуль Нургабыловна мен №4 «Ақбота» ортаңғы тобының тәрбиешісі Куаналиева Турсынгул Унбергеновна бөбекжай дәлізінде педагогтердің өз шеберліктерімен ұлттық нақышта дайындаған күнделікті іс-әрекеттерінде қолданатын дидактикалық ойындарға арналған «Қызықты ойындар» атты көрмесін қатысушыларға таныстырды. Бейнелеу өнері маманы Садыбекова Майра Нұрланқызы «Өнер көзі-халықта» тақырыбында шебер-сынып көрсетті. Дене шынықтыру мамандары Казиева Маншук Алибаевна мен Боранбаева Акку Есмурзаевна «Ұлттық ойындар-халық мұрасы» тақырыбында қатысушыларға ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Бестемше», «Шертпек», «Қазан доп» атты ұлттық ойындарды ұйымдастырды.
Ән-саз жетекшісі Кульсариева Гульнар Орыновна және тәрбиешілер Жанабаева Куралай Абылаевна мен Сарсенова Сауле Манарбековна «Этноауылға саяхат» тақырыбында кешенді іс-әрекетін жоғары деңгейде көрсетті.
Семинар соңында қатысушы педагогтер семинарға жоғары баға беріп, пікір алмасты.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімі әдіскері Тулеуғалиева Гүлайым Бектұрқызы бөбекжай директоры мен ұжымға алғыс айтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, бөбекжай педагогтеріне сертификаттар табыстады.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі