Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бөбекжайымыздың тәрбиешісі Абилова Айдана Серікқызы консультациялық пункттің жоспарына сәйкес ата-аналарға қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойынының шартын түсіндіріп, ата-аналарды ойын алаңына шақырды. Ата-аналар сырмақты айналып, шеңбер құрып отырып, ойынға қызығушылықпен қатысты.

Қазақта асық ойынның түрлері көп. Сондай ойындардың бірі қазақтың ежелден келе жатқан Ханталапай ойыны. Бұл ойынның басты ерекшеліктерінің бірі – ойынды тек ер балалар ғана емес, қыз балалар да ойнайтын болған. Ойынның ережесі бойынша төрт-бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асық өзгелерден ерекшеленіп тұруы қажет. Оның түсі не қызыл, не көк түске боялуы шарт. 

Айдана Серікқызы ата-аналарға асықпен ойналатын түрлі ойындарды соның ішінде «Ханталапай» ойынын балалармен үй жағдайында ойнауға кеңес берді.

#консультациялықпункт
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім