24.09-27.09.2024ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес, барлық топтарда ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнатуына ықпал ету. Бөбекжай өмірімен таныстыру.
Жиналыс барысында ата-аналар бір-бірлерімен танысып, шаттық шеңберінде тұрып, тілектерін тіледі. Топ тәрбиешілері ата-аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, бүлдіршіндердің бөбекжайдағы бір күндік бейнероликтерін көрсетті. Бөбекжай директоры Балмагамбетова Т.Қ. ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап сөз сөйледі. Жаңа 2024-2025 оқу жылының міндеттерімен, бөбекжайдың ішкі еңбек тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымдарында білім алушылардың ата-аналарынан заңсыз ақша алу, ақша жинауға тиым салынатындығы туралы ескертіп өтті.
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп сұрақтар қойды. Соңында ата-аналар бөбекжайға және ұжымға тілек айтып жылы лебіздерін білдірді.