20 қыркүйек күні бөбекжайымыздың кіші, ортаңғы, ересек топтарында Ақтау- қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақтауым менің ақмаржан қалам» атты тақырыптық іс-әрекеттер өтті.
Мақсаты: Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін дамыту, туған қаласына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, достыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеленушілер «Ақтауым менің ақмаржан қалам» тақырыбында бейнероликтер қарап, Ақтау қаласының суретін салып, шығармашылық жұмыстар жасады, көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар қала күні мерекесіне орай бүлдіршіндер гүлдер егіп, табиғат бұрышын гүлдермен толықтырды.
#Ақтауқалакүні
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі