Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 наурыз күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында ересектер мен мектепалды даярлау топтарының арасында «Анам және мен» байқауы өтті. Байқауға №6 «Ақжелкен» ересек, №7 «Қарлығаш», №8 «Айгөлек», №11 «Қызғалдақ» мад топтарының тәрбиеленушілерімен аналары қатысты. Байқау «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру), «Ас болсын» үй тапсырмасы (тағам дайындап, оның жасалу жолын таныстыру ), «Сұлулық құпиясы», «Өнерлі өрге жүзер», «Шебер шыңы», «Дефиле» атты бөлімдерден тұрды. Төрт отбасы қатысып, өзара сыңға түсті. Аналар байқауда қыздарымен бірге түрлі сән үлгісін және өнерлерін көрсетті. Балалар ән айтып, би биледі. Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды.

🥇 орын №7 «Қарлығаш» мад тобының тәрбиеленушісі Бисенғалиқызы Бану анасы Ағылман Нұргүл Сәлімгерейқызы

🥈орын №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Саги Раяна Жасұланқызы анасы Садиева Айнұр Абилдаевна

🥈орын №8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушісі Бисен Сафура Ерланқызы анасы Бисенова Гүлайна Мирқызы

🥉орын Бақтығали Медина анасы Смагулова Нургуль.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Қатысқан аналарға алғысымызды білдіреміз!

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі