№61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, «Менің отбасым» апталығы өтті. 16 тамыз күні «Әкем, анам және мен» атты отбасылық жарыс ұйымдастырылып, апталық қорытыланды.
Мақсаты: Отбасы мен бөбекжай ынтымақтастығын нығайту, балаларды шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Балалар мен ата — аналардың арасындағы қарым — қатынасты жақсарту, ата — аналарды балардың өміріне белсенді қатысуға баулу.
Отбасымен бірлесе өткізген іс-шара барысында мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыра алды. Бүлдіршіндер ана-әкелерімен, ағаларымен қатарласа эстафеталық жарысқа белсене қатысу арқасында, жүздерінен мақтаныш сезімі байқалды.
Жарысқа қатысушы отбасылар берілген тапсырмаларды өз дәрежесінде орындап шықты. Жарыс соңы марапаттау рәсіміне жалғасты.
🥇 орын — «Қыран» командасы.
№7 «Қарлығаш» мад тобы. Бердіқожаевтар отбасы;
🥈 орын — «Бірлік» командасы.
№9 «Күншуақ» мад тобы.
Бексариевтер отбасы;
🥈 орын — «Жалын» командасы.
№5 «Түймедақ» ересек тобы.
Жұмахановтар отбасы;
🥉 орын — «Сұңқар» командасы.
№11 «Қызғалдақ» мад тобы.
Отарғал отбасы;
Қатысушылар медаль және жүлделі орын дипломдармен тәттілермен марапатталды.
Жарысқа белсене қатысқан ата-аналарымызды құттықтай отырып, алғысымызды айтамыз!
#әкеманамжәнемен
#жазғыдемалысым
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі