Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспары негізінде
«Аналар клубының», «Әкелер клубының» жұмыс жоспарына сәйкес 20 мамыр күні «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайысы өтті.
Мақсаты: Спорттық сайыс ұйымдастыру арқылы ата-аналарды бөбекжай өміріне араластыру. Отбасы мен бөбекжай арасындағы қарым- қатынасты нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балаларды салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойынға қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа 3 тәрбиеленуші ата-анасымен қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып өздерінің епті, икемді, шапшаң екендерін көрсетті. Сайыс соңында барлық топтар жүлделі орын дипломдармен марапатталды.
І орын “Тұлпар” тобы
Қайыр Дархан Дәулетұлы 🥇
Ата-анасы: Қайыр Дәулет Дәулетұлы, Шораханова Жемис Юсуповна

ІІ орын “Қыран”тобы
Ербатыр Мансұр Бекзатұлы 🥈
Ата-анасы: Рахмет Бекзат, Рахмет Сандуғаш

ІІІ орын “Сәйгүлік” тобы
Құрымқұл Фариза Ғалымжанқызы 🥉
Ата-анасы: Сұлтанов Ғалымжан, Тұянбаева Ақбидай

Сайысқа қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Марапаттарыңыз құтты болсын!