Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Біртұтас тәрбие» бағдарлама аясында әкелер клубы құрылды.
Бөбекжай мен отбасы арасындағы байланыстарды жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты, сабақтастықты нығайту, отбасы құндылығын насихаттау, отбасындағы әкенің ролі, әке тәрбиесінің маңыздылығын дәріптеу, ата-ана мен бөбекжай арасындағы серіктестікті орнату, сенімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында ақпан айының 7-күні «Әке асқар тау» тақырыбында тәрбиеленушілердің әкелерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Жүргізілген дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтар бойынша әкелер өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі, отбасындағы әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады.
Бөбекжай психологы Ж.Батырбаева әкелер клубының мүшелерімен «Сәлемдесу», «Танысу», топпен жұмыс (жағдаят шешу), «Жүректен жүрекке» атты тренингтер өткізді.
«Бақытты баланы қалай өсіру керек?» тақырыбында пікір алмасып, «Балалармен сұхбат» тақырыбында балаларының бейнеролигін тамашалады.
Өткізілген шараға әкелер белсене қатысып, өздерінің пікір, ұсыныстарын айтты, бөбекжайға алғыстарын білдіріп, дөңгелек үстел сәтті аяқталды.

Шараға келіп қатысқан әкелерге алғыс білдіреміз!

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Ұлттыққұндылықтар
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#Білімберудіңоқуәдістемелікорталығы