Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-ның ұйыдастыруымен 2024 жылдың ақпан айының15 жұлдызында №42 «Түймедақ» бөбекжай базасында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша балабақшаларды аттестациядан өткізу өлшемшарттары» тақырыбында әдістемелік дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде №61 «Сұлтан» бөбекжайы директоры Т.Қ.Балмагамбетова «Мемлекеттік аттестаттаудағы құрылтайшы құжаттар» тақырыбында ақпарат беріп, іс-тәжірибесімен бөлісті.