Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

24.02.2025. №6 «Ақжелкен» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Абайлаңыз, терезе!» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: терезеден құлау жазатайым оқиғаларын болдырмау үшін балаларға пәтердегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету.
Тәрбиеші ұйымдастырылған іс-әрекет барысында, балаларға терезелердің жанында сақ болудың маңыздылығы туралы түсіндірді. Терезе маңындағы мінез-құлық қағидаларымен таныстырды.
1-қағида: ешқашан ашық терезеге жақындауға болмайды. «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз». 

2-қағида: терезе үстінде/алдында ойнауға болмайды. «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлап  кетуіңіз мүмкін».

3-қағида: ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. «Терезені ашпас бұрын ересектерден рұқсат сұраңыз».

 4-қағида: егер сіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге хабарлауыңыз керек. «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу   ересектерге айтыңыз». 
Рухия Эсенгельдиевна балаларға ойындар мен практикалық жаттығулар арқылы терезелер неге қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді. Балаларға терезенің жанында өзін ұстау қағидаларын үйретті.

Тәрбиеші: Коптлеуова Рухия Эсенгельдиевна