Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сәуір айының 16 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында балаларды рухани-адамгершілікке, көркемдік-эстетикалық тәрбиеге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында, «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы жоспарына сай, барлық топтар арасында «Ертегілер елінде» тақырыбында сахналық қойылымдар ұйымдастырылып өткізілді.
Балалар бұл сахналық көріністерді қоюға аса зор дайындықпен келгендерін көрсетті.
Қойылым барысында №1 «Балапан» ересек тобы «Мысық, әтеш және түлкі» ертегісін, №2 » Құлыншақ» ересек тобы «Қу түлкі», №3 «Балбөбек» кіші топ «Шалқан», №4 «Ақбота» ортаңғы топ «Үш аю», №5 «Түймедақ» ортаңғы тобы «Түлкі мен тышқан», №6 “Ақжелкен” ересек тобы «Алма» ертегісін, №7 «Қарлығаш» мад тобы «Үйшік», №8 «Айгөлек» ересек тобы «Жәндіктер достығы», №9 «Күншуақ» мад тобы «Түлкі мен қырғауыл», №10 «Ақбұлақ» мад тобы «Кімнің мекені жақсы?», №11 «Қызғалдақ» мад тобы «Алма» ертегілерінен сахналық қойылымдар көрсетті.
Сахналық кастюмдері, кейіпкерлерді сомдауы өте жақсы шықты. Сахналық қойылымдардан балалар кешірімді, адал, мейірімді, қамқор, еңбексүйгіш сияқты жақсы қасиеттерді үйренді.

#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование