Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бөбекжайымызда жазғы сауықтыру шараларының жоспарына сәйкес, «Алтын сақа» ұлттық ойындар апталығы өтті. Дене тәрбиесі нұсқаушылары Казиева М.А., Боранбаева А.Е. балаларға «Асық ойындары» атты көңілді ойын-сауық шарасын өткізді.
Мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, асық ату арқылы дәлдікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, достық қарым-қатынасты нығайту және дене қозғалысын жетілдіру.

Балалар асық ату, қолға жиып алу сияқты түрлі ұлттық ойын түрлеріне белсене қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Шара өте қызықты әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Ойын арқылы балалар тек қана сергіп қана қоймай, қазақтың ұлттық мұрасымен де жақынырақ танысты.

#жазғысауықтыру
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім