Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай бөбекжайымызда ерекше көңілді, шығармашылыққа толы «Мен бақытты баламын» атты асфальтқа сурет салу мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында балалар түрлі-түсті борлармен асфальт бетіне күн сәулесі, гүлдер, отбасын, табиғатты, достық пен шаттықты бейнелеп, өз қиялындағы бақытты әлемін суретке түсірді. Балалардың әр туындысы – олардың жүрегіндегі таза сезім мен бала арманының көрінісі. Күлкі мен шаттыққа толы бұл күн бүлдіршіндер үшін естен кетпес естелікке айналды.

Құрметті балалар!
Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Балғын күлкілеріңіз ешқашан сөнбесін, жүректеріңіз әрқашан қуанышқа толы болсын!
Біз сіздердің бақытты, дені сау, білімді және өнерлі болып өсуіңіз үшін әрдайым жанымызды саламыз.
Бала күлкісі – әлемнің нұры!
Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйкімді балақайлар!

#Балаларкүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы