2025 жылдың 30 мамыр күні бөбекжайымызда №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы: «2024–2025 оқу жылының қорытынды нәтижелері».
🔹Кеңес барысында ұжымдық ынтымақтастықты нығайту мақсатында психолог Нұрмұханбетова Ақмарал Төлепқызы жүргізген «Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік» атты мотивациялық тренинг ұйымдастырылды.
🔹Әр жас ерекшелік топтарының тәрбиешілері – кіші, ортаңғы, ересек және мектепалды топ педагогтері – оқу жылындағы жетістіктері мен атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есептерін ұсынды.
🔹Сонымен қатар, жазғы шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының жоспары таныстырылып, әдіскерлер педагогтерге жаз мезгіліндегі ұйымдастырылған іс-әрекет кестесін таратты.
🔹Музыка жетекшісі Кульсариева Гульнар Орыновна ұжымға «Ұлттық ойындардың сазды әуенмен сабақтастығы» тақырыбында тәжірибелік бөлім ұсынып, сақина салмақ ойынын музыка сүйемелдеуімен ойнатып, ұлттық аспаптарда әуен орындады.
🔹 Педагогикалық кеңес соңында бөбекжай басшысы Балмагамбетова Тыныштык Калниязовна ұжымды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, әріптестерге жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде ұжымның бірлігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтіп, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, мықты денсаулық және кәсіби шабыт тіледі.
🔹 Сондай-ақ, оқу жылы барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен көзге түскен педагогтерге Алғыс хаттар табысталып, олардың еңбектері ұжым алдында ерекше аталып өтті.
Жыл қорытындысын шығару – келесі кезеңге сенімді қадам. Ұжымымыз алдағы жаңа оқу жылына тың серпінмен, ортақ мақсатпен қадам басуға дайын!