№5 «Түймедақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралар кестесіне сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды мәдениетті, тәртіпті болуға тәрбиелеу мақсатында тәрбиеші Сапарғалиева Мейрамгул Ахангалиевна «Ойын алаңдарындағы мінез-құлық қағидалары» тақырыбында танымдық іс-әрекет ұйымдастырды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға ойын алаңында өзін-өзі ұстау ережелері – бір-біріне кедергі жасамау, ойыншықтарды бөлісе білу, кезек күту, қауіпсіздік шараларын сақтау секілді маңызды қағидалар түсіндірілді.
Тәрбиеленушілер ойын жағдайында кездесетін түрлі жағдаяттарды талқылап, дұрыс шешім қабылдауды үйренді. Рөлдік ойындар, көріністер мен сергіту сәттері арқылы алған білімдерін бекітті. Іс-шара балалардың достыққа, тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиеленуіне, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруына оң ықпал етті.
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі