«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасының жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, консультативтік пункттің жұмыс жоспары бойынша ағымдағы жылдың 11 сәуір күні ата-аналарға консультативтік көмек берілді.
«Балалардың ой-өрісін, және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған интеллектуалды ойындар» тақырыбында педагог -психолог Ж.Батырбаева кеңес берді. Баламен түзету-дамыту жаттығуларын өткізді.
Логопед маманы Н.Кумисбаева “Сортер”, “Әуенді-тақтайша” балалардың ой-өрісін, қимыл -қозғалысын, есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар, қол моторикасы арқылы балалардың сөйлеу тілін жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Ата-анаға үйде баланың моторикасын дамытуды, қолдау мен ынталандыруды жалғастыру үшін осы әрекеттерді отбасының күнделікті өміріне біріктіру бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Бөбекжай медбикесі А.Хонарова келген ата-аналарға денсаулық шараларын сақтауға ұсыныс берді.
Әдіскер А.Жулдызбаева ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, баланың жас ерекшелігіне сай тәрбие мен оқытудың бағдарламасын ұсынып, ата-аналарға баланың дамуы мен оқуы мәселесі бойынша кеңес берді.
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование