Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы жоспарына сай, №61 «Сұлтан» бөбекжайының мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері сәуір айының 10 күні «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектепке» саяхат жасады.

Мақсаты:  Бөбекжай мен мектептің тығыз байланыста екенін түсіндіру, балалардың мектепке жеңіл ауысуын қамтамасыз ететін қасиеттерін ертерек дамыту. Балаларды мектеп өмірімен, ұстаздармен, оқушыларымен таныстыру. Ұстазға, мектепке, білім алуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Саяхат барысында балалар мектеп кітапханасымен, бастауыш сыныппен, спортзалмен, асханамен, балалардың денсаулығын сақтауға қажетті дәрігер кабинеті мен алғашқы жәрдем көрсету бөлмесімен, мектептің ішкі өмірімен толық танысты.
Балаларға саяхат ұнады, естелікке суретке түсіп, шат- шадыман көңілмен, ерекше бір қуанышпен есте қаларлықтай әсерге бөленді.

#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі
#МаңғыстауАтырауБілім #МангыстауАтырауОбразование