Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні №57 «Ақбота» бөбекжай базасында, «Аналар мектебі» жоспары бойынша «Тәрбие басы-отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Жаңалыққызы Инабат және анасы Туметова Акпанар Кушербаевна қатысты.
Шара барысында қатысушылар:
«Тегімді менің сұрасаң?» таныстыру бөлімі арқылы өз ұрпақ сабақтастығына мән берді.
«Аналар мектебінің» жұмысымен танысып, оның бала тәрбиесіндегі маңызын талқылады.
Ашық пікірталас пен сұрақ-жауап алаңында өз ойларымен бөлісті.
«Ши тоқу өнері» атты шеберлік сағатында ұлттық қолөнерге баулудың жолдарын үйренді.
«Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде аналар өз өнерлерін көрсетті.
«Шығармашыл ана» көрмесінде қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды бағалауға жол ашты.
Шара соңында тәрбиеленушілер мен ата-аналар дипломдармен марапатталды. Дөңгелек үстелге белсенді қатысқан ата-ана Туметова Акпанар Кушербаевнаға алғыс айтамыз!

#қошболбалабақша
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі