Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының, №7 «Қарлығаш» мад, №11 «Қызғалдақ», №8 «Айгөлек», №9 «Күншуақ», мад топтарының бүлдіршіндері, мектепке деген қызығушылығын арттыру, болашақ оқу ортасына бейімдеу, мектепке психологиялық дайындықты қалыптастыру және оқу-білімге деген оң көзқарасты дамыту мақсатында, үлкен өмірге алғашқы қадам жасап, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебіне саяхат жасады. Балалар мектептің ішкі құрылымымен, сынып бөлмелерімен, кітапханамен, спортзалмен және асханамен танысты. Саяхат барысында олар мұғалімдермен тілдесіп, болашақ білім ордасының тыныс-тіршілігіне қанықты. Бұл күн бүлдіршіндер үшін ерекше әсерлі әрі қызықты болды!
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінің ұжымына алғысымызды білдіреміз! Балаларға жылы қабылдау жасап, танымдық әрі әсерлі саяхат ұйымдастырғандарыңыз үшін үлкен рақмет!
@aktau.sh28
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі