Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 13 мамыр мен 16 мамыр аралығында бөбекжайымыздың барлық топтарында оқу жылының қорытынды іс-әрекеттері өткізілуде.
Мақсаты: балалардың жыл бойы меңгерген білім, білік және дағдыларын саралап, жетістіктерін көрсету, олардың шығармашылық қабілеттері мен жеке даму деңгейлерін бағалау.
Қорытынды іс-әрекеттер қызықты, мазмұнды әрі балалардың белсенді қатысуымен өтті. Әр топ өз ерекшелігіне сай білім беру салаларын қамтыған жобалар, қойылымдар, ойын-сабақтар арқылы жыл бойғы жетістіктерін көрсетті.