5.04.2024ж. «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы жоспарына сай, ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп», №32 «Ақшағала» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК және №61 «Сұлтан» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК үштік одақ арасында әлеуметтік-серіктестік жұмыстарының жоспары жүргізіліп жатыр.
Бөбекжайымызда «№28 жалпы білім беретін мектеп» КММ -ның даярлық сыныбының мұғалімі Жұмабай Керімбаламен, №61 «Сұлтан» бөбекжайы мектепалды даярлық тобының тәрбиешілерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылына бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1-сыныбына құжаттарды 1сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданатындығы және соған байланысты қандай құжаттар қабылданатыны туралы ақпарат берілді.
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#Маңғыстауоблысыбілімбасқармасы
#оқуәдістемелікорталығы
#қалалықбілімбөлімі