Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

6.05.2025ж.»Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебі» жоспары бойынша бөбекжайішілік «Әке – асқар тау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – әкелердің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, олармен тығыз байланыс орната отырып, баламен бірлескен әрекеттер арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Дөңгелек үстел бірнеше бөлімнен тұрды: “Тегін білген – тектілік”, “Кім епті?”, “Білекті бірді жығар” т.б.
Шара барысында әке мен бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар жайында пікір алмасты. Мнемокесте арқылы мақал-мәтелдерді табу ойыны ойнатылып, қатысушылардың тапқырлығы мен зеректігі сыналды.
Қызықты әрі тартысты бөлімдердің бірі – қол күрес. Әкелер мен балалар бірге қатысып, өз күштерін сынады. “Ойлан, тап!” бөлімі бойынша балаларға сүйікті асы, ұнататын түсі, жақсы көретін кейіпкерлері туралы сұрақтар қойылып, олардың дүниетанымын білуге бағытталды. Сондай-ақ шара соңында әкелер мен балалар өз өнерлерін ортаға салды: бірі домбырамен күй орындаса, бірі баласымен бірге дене шынықтыру жаттығуларын көрсетті.
Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты. Бұл кездесу бөбекжай мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, бала үшін маңызды орта – отбасы құндылығын насихаттауға зор үлес қосты. Қатысушы әкелер номинация дипломдармен марапатталды.
🏅«Белсенді әке» номинациясымен — №1 «Балапан» тобы — Садиев Медет Ажимединович, баласы Әжімадин Ерсұлтан Медетұлы
🏅«Мейірімді әке» номинациясымен — №1 «Балапан» тобы — Битималиев Самат Балабайұлы, баласы Саматұлы Дарын

🏅«Үлгілі әке» номинациясымен — №4 «Ақбота» тобы — Нариков Жасулан Көпбаевич, баласы Көпбай Самғат Жасұланұлы

🏅«Қамқор әке» номинациясымен — №6 «Ақжелкен» тобы — Кабулов Арстан Туркменбаевич, баласы Түркменбай Мұхаммеджан Арстанұлы
Құттықтаймыз!

Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан әкелерге алғысымыз шексіз!

#әкелермектебі
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі