Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, бөбекжайымыздың №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Құралай Абылаевна ата-аналарға балаға әріптерді дұрыс қосып, сөзді толық оқуға үйрету жолдары бойынша кеңес берді. Кеңес барысында әріптерді тану, буындап оқу, дыбыстарды дұрыс айту және баланың оқуына қолайлы жағдай жасау туралы пайдалы әдіс-тәсілдер ұсынылды. Сонымен қатар, үй жағдайында баламен қалай жұмыс жүргізуге болатынына нақты мысалдар келтірілді.
Ата-аналар кеңеске белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Консультациялық кеңестің мақсаты – баланың оқу дағдысын қалыптастыруда ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу болды.

#консультациялықпункт
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлім