25.04.2025ж. №8 «Айгөлек» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Ұйымдастырылған іс-әрекет кезіндегі мінез-құлық қағидалары» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: балаларға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы даму ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде мінез-құлықтың негізгі қағидаларын үйрету.
«Жеке қауіпсіздік» іс-шара барысында бүлдіршіндер ұйымдастырылған іс-әрекеттер кезінде өзін дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, бір-біріне көмектесу және тәртіптілік қағидаларымен танысты.
Балалар өздерінің білімдерін іс жүзінде көрсетіп, түрлі жағдаяттарда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді.
Жеке қауіпсіздік — әр баланың бақытты балалық шағының кепілі!
Тәрбиеші: Юсупова Менсулу Атабаевна
#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі