Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні №61 «Сұлтан» бөбекжайында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыруда Ақтау қаласының жол картасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер арасында «Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдардарда құзыреттілік орталықтың маңыздылығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында бөбекжайымыздың тәрбиешілері Н.К.Хидерхожаевна, С.М.Сарсенова, Т.К.Унбергеновна «Ұлттық құндылықтар байлықтарымыз» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті.
«Ай-наз» жекеменшік бөбекжай-балабақша спикері Г.С.Колкабаева «Балабақшадағы тәрбиешінің күнделікті жұмыс жоспарының маңыздылығы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
№23 «Ақмоншақ» бөбекжай спикері «Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану арқылы заттық кеңістік ортаны құру» тақырыбында шебер-сынып көрсетті.
№61 «Сұлтан» бөбекжай спикерлері Г.А.Олжабай, Ә.Н.Жұбандықова «Дидактикалық ойындар» көрмесін таныстырып өтті.
Дөңгелек үстел соңында «Ай-наз» жекеменшік бөбекжай-балабақшасы ән-саз жетекшісі Г.А.Боранбаева және №61 «Сұлтан» бөбекжай тәрбиешісі Ж.К.Тасболатова бөбекжай тәрбиеленушілерімен педагогтердің қатысуымен «Туған өлкем-қандай көркем» тақырыбында музыкалық бағдарлама ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді қорытындылау кезеңінде қатысушылар өз ойларымен пікір алмасты.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі