Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

28.03.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Көшедегі бейтаныс адамдардың ұсыныстарына қалай жауап беруге болады?» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру, жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: балаларға көшеде бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету және бейтаныс адамдардан неге кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді алмау керектігін түсіндіру.
Тәрбиеші Мұғазенова А.Е. балаларға бейтаныс адамдардың жанында өзін қалай ұстау керектігін, бейтаныс адамдар кімдер екенін түсіндіріп айтты.

Ешқашан бейтаныс адамдардан кәмпиттерді, ойыншықтарды немесе тәттілерді қабылдамау.
Ешқашан бейтаныс адамның артынан ермеу, тіпті ол ата-анаңды танимын десе де еріп бармау.
Егер бейтаныс адам бірдеңе ұсынса немесе бір жерге баруды өтінсе, дереу «жоқ» деп кетіп қалу.
Бейтаныс адам бір нәрсе ұсынбақ болса немесе сізді бір жерге шақырғысы келсе ата-анаға айту, сияқты — тәрбиеші бейтаныс адамдармен кездескендегі мінез-құлық қағидаларымен таныстырды.

Тәрбиеші: Мұғазенова Айдана Еркінқызы

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі