14.02.2025ж. Бөбекжайымызда «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасы негізінде «Аналар мектебі» жобасын жүзеге асыру аясында Қазақ халқының салт дәстүрлерін дәріптеп, ас атасы нанды жасай отырып бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Қарабай Рухия Саматқызының анасы Қилыбаева Мөлдір Рамазанқызы бөбекжайға келіп, балаларға нанды қалай пісетінін түсіндіріп, нанды құрметтеу керек екенін үйретті және тәтті тоқаштан дәм татқызды.
Кенел Сағыныш Нұрсылтанқызының анасы Исламова Айгерим Жарылкасынқызы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кішкентай қыздарымызға бұрымдарын әдемі өруді үйретті.
Шаш өру дәстүрі қыздардың тәрбиесі мен мәдениетіне, әдептілігіне және көркем мінезіне ерекше мән берген. Қыздың шашын әдемі етіп өру оның өнері мен тазалығын көрсеткен.
Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан аналарымызға алғысымыз шексіз!
Тәрбиеші: Алхамова Анаргуль Нургабыловна
#әжелермектебі
#аналармектебі
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі