Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, №61 «Сұлтан» бөбекжайында ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді.
Ашық есік күні мектепке дейінгі білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбие – білім беру үрдісінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік беретін жұмыстың бір түрі болып табылады.
Іс-шара барысында бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. «Қазақтың ұлттық қолөнері-сарқылмас қазына» тақырыбында шебер-сынып өткізіп, тәрбиеші Олжабай Г.А. «Дидактикалық материалдар» көрмесімен таныстырды. Қазақ тілі маманы Туметова А.К. «Ұшқыр ой алаңы» тақырыбында зияткерлік ойыннын ойнатты. Барлық шараға ата-аналар қызығушылық пен белсенді қатысты. Шара соңында ата-аналарымыз бен педагогтеріміз өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Ашық есік күніне келген ата-аналар педагогтердің жұмыстарына баға беріп, бөбекжай ұжымына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Келген ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз!
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі