24.01.2025ж. Бөбекжайымыздың жылдық жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, дене шынықтыру нұсқаушысы М.А.Казиева бөбекжай педагогтеріне «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Шебер сынып барысында тақия тастамақ, ханталапай, жаяу тартыс, оқтау тартыс, бестемше, сиқырлы таяқ, бес асық ойындары ойнатылды.
Ұлттық ойындар ата-бабадан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор.
Ұлттық ойындар — жай ғана ойын емес. Олар біздің тамырымызды еске түсіріп, бай мұраны сақтауға шабыт беретін бірліктің символы. Мұндай іс-шаралар ұрпақ тәрбиесіне маңызды үлес қосып, тарих пен мәдениетті жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Казиева Маншук Алибаевна
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі