Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

20.01.2025ж. №10 «Ақбұлақ» ересек тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары кестесіне сәйкес «Есік қағылған жағдайда қалай дұрыс жауап беру керек?» тақырыбында балалармен әңгімелесу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Балаларға есікті қағып жатқан бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үйрету. Бейтаныс адамдарға неге есікті ашуға болмайтынын түсіндіру. Балаларға есікті кімдерге ашуға болатынын үйрету.

Тәрбиеші балаларға бейтаныс адамдарға, олар соны сұрап тұрса да, есік ашуға  болмайтынын түсіндірді. Егер бейтаныс адам есікті қақса, бұл туралы үлкендерге хабарлау керек және ешбір жағдайда есікті ашуға болмайтынын айтып өтті. Балаларға тек жақын адамдарға ғана (мысалы, ата-әжесі, анасы, әкесі) есікті ашуға болатыны туралы түсіндірілді.
Есікті ашпас бұрын, тіпті есіктің артында таныс адам болса да, әрқашан ата- анадан рұқсат сұрау маңызды екенін айтып, ұйымдастырылған іс-әрекет «Кімге есік ашуға болады» ойынымен қорытындыланды.

Тәрбиеші: Абилова Айдана Серікқызы

#жекеқауіпсіздік
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі