№61 «Сұлтан» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы Казиева Маншук Алибаевна Ата-аналарға үй жағдайындағы жасалатын тәңертеңгілік жаттығу кешенін ұсынады.
Бөбекжай базасында ұйымдастырылған ата-аналарға арналған консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Сондықтан да сіздер бөбекжай мамандарынан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, дамыту мәселелері бойынша кеңес алуларыңызға болады.
Мамандардан кеңес алу онлайн және оффлайн форматта жүргізіледі. Онлайн кеңестеріміз бөбекжайдың сайтында, Instagram және Facebook әлеуметтік желісінде жарияланады. Оффлайн кеңес алу үшін бөбекжай мамандарына келіп жолыға аласыздар.
Хабарласыңыздар! Біз сіздерге әрқашан көмектесеміз!