Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары бойынша бөбекжайымыздың қазақ тілі маманы Туметова Ақпанар Қазақ тілінде ертегі-әңгімелерді оқып берудің маңызы туралы ата-аналарға кеңес берді.
«Ертегі» халық арасында кең таралған ұғым. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрінде ертегі ерекше орын алған, алады да. Ертегі көбінесе халықтың тұрмысы, кәсібіне байланысты, қоғам өмірінің шындығынан туындаған.  Ертегі арқылы балаға «жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді» үйреткен. Ертегі айту  балалардың сөздік қорын байытады, ауызекі сөйлеуге, ойлау қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді.

Ата-аналарға кеңес:
«Тіл отбасынан басталып,
Отан аясында дамиды»
● Тіл, әдетте, тыңдау арқылы емес, сол тілде сөйлеу арқылы үйретіледі. Сөйлесу үшін балаға серіктес керек, сондықтан ата-ана үнемі сөйлесуге, қазақ тілінде сөйлеуге ынталандыруы тиіс.
● Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Қазақша сөйлеу үшін қазақша ойлау керек. Ойлау үшін қазақ тілінде ән-күй, терме, жыр тыңдап, кино көріп, кітап оқу керек.
● күнде балаңызбен қазақ тілінде әңгімелесуге тырысыңыз
● қазақша ертегілер оқып беріңіз
● балаңызбен қазақша бағдарламалар, мультфильмдер көріңіз. Отбасыңызбен үнемі қазақша ән тыңдаңыздар.
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол — ата-баба алдандағы ұлы парызымыз, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар отбасыдан бастау алуы тиіс. Білімнен тағылым алып, болашағын болжап, келешегіне бағыт белгілейді. Білім алдымен тіл арқылы игеріледі.

Қазақтілі маманы: Туметова Акпанар Кушербаевна

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі