Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні бөбекжайымыздың педагог-психолог маманы Батырбаева Жайна Гаджеттің пайдысы мен зиянын түсіндіру мақсатында «Бала және гаджет» тақырыбында ата-аналарға кеңес берді.
Жақсы ата-ана болу дегеніміз — балаға гаджеттің соңғы моделін, ең қымбат ойыншықтарды, алып беру, қаладағы барлық ойын-сауық орындарына апарып, қымбат үйірме, секцияларды төлеу және әлеуметтік желіге баламен түскен мыңдаған суреттерді салу емес, керісінше балаға күнде уақыт бөліп, көңіл аударып, оған үлгі болу.
Жақсы ата-ана болудың басты құпиясы: бүкіл назарыңызды аударып, гаджетсіз, баламен күнде бірге болуға ең азы 5-10 минут бөлу! Яғни, баламен бірге сапалы уақыт өткізу (мысалы, бірігіп үй шаруасын тындыру, ұзақ серуендер, сурет салу немесе үстел үсті ойындары, т.б) Ең бастысы балаға қызықты болатын іспен бірге айналысыңыз. Егер де сіз осындай сәттерді қуана өткізе алатын болсаңыз, балаға да бақытты болуды үйретесіз!
Педагог-психолог: Батырбаева Жайна Болатқызы