Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19.12.2024ж. №8 «Айгөлек» мад тобында «Жеке қауіпсіздік» іс-шаралары аясында «Лифт (жедел саты) мен кіреберістегі (подъезд) мінез-құлық қағидалары» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін балаларға лифтідегі және  кіреберістегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын үйрету.

№8 «Айгөлек» мад тобының тәрбиеленушісі Усен Зере Нурлыбекқызы анасы мен бірге лифті мен кіреберістегі мінез-құлықтың негізгі қағидалары туралы видеоролик дайындады. Менсұлу Атабайқызы видеороликты балаларға көрсетіп, лифтімен пайдалану ережелерін таныстырды. Лифтіні күту, лифті келгенше есіктерінен алыс тұру, кіру және шығу, лифт есіктері ашылғанда тез кіріп, тез шығу, табалдырықта тұрмау, түймемен (кнопка) ойнамау, тек қажетті түймені басу, барлық түймені басуға болмайтынын, лифтіге жалғыз кірмеу, ең дұрысы, лифтіге ересектермен немесе үлкен балалармен бірге кіргені дұрыс болатынын түсіндірді және бейнебаян арқылы көрсетті. Лифт тоқтап қалған жағдайда қорықпай, диспетчер шақыру түймесін басу керектігін және көмек күту керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Лифті мен кіреберістегі қауіпсіздік қағидаларын сақтау маңыздылығы туралы толық ақпарат берді.

Тәрбиеші: Юсупова Менсулу Атабаевна