Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

09.12-13.12.2024ж. аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бағытында «Кітапtime» оқу апталығы өтті.
Мақсаты: Кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыру, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту. Кітаптың шығу тарихымен таныстыру, неден, қалай жасалатынын ұғындыру, кітапты таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

«Кітапtime» оқу апталығының жоспары бойынша №5 «Түймедақ» ересек тобында «Кітап қайдан шығады? Кітап бізге қалай жетеді?» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті өткізілді. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктері арттырылды, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиеленді. Балалардың сенімді серігі кітап екені түсіндірілді. «Кітап қалай пайда болды?» тақырыбындағы видеороликті көріп, өз ойларымен бөлісті.
Тәрбиеші: Темірбаева А.Ж.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі