Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес №7 «Қарлығаш» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанабаева Куралай Абылаевна, Ургенчбай Амирханның анасына «Кітаппен жарқын әлемге» тақырыбында әңгімелесу ұйымдастырды.
Құралай Абылаевна, бала  кітап оқуды әдетке айналдыру үшін төмендегі кеңестерді ұсынды.
1. Ата-аналар балаларына кітапты күніне 10-15 минут дауыстап оқуы керек, кітаптағы суреттерді талқылап, кітап жайлы пікірлерімен бөлісуі керек.
Мүмкіндігінше, оқыған кітаптарыңыз туралы балаларыңызбен жиі сөйлесіп, дауыстап оқуды ұйымдастырыңыз. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға да, үлкенірек балаларға да баға жетпес пайда әкеледі.
2. Ата-аналар өздері кітап оқу керек! Баласы ата-анасының кітап оқығанын көрсе, өзі де қызығып, оқитын болады.
3. Баланың айналасын кітаптар қоршағаны жақсы, бірақ бұл үйге жүз кітап сатып алу керек деген сөз емес. Балаңызбен жергілікті кітапханаға барып (мүмкіндік болса, кітаптар дүкеніне барып), уақыт өткізуге болады. Кітапханада баланы кітаптармен таныстырып, мазмұнын талқылап, осы жолы үйге қандай кітапты, келесі жолы қайсысын алатындарыңызды бірге шешуге мүмкіндік аласыздар.
📌Кітап оқу баланың миын жетілдіреді.
Үйде ата-анасымен бірге кітап оқуды сүйетін бала еркін, өз-өзіне
сенімді тұлға ретінде қалыптасады. Кітап оқу баланың одан әрі жетілуіне, кемелденуіне, тәртіпті болуына, моральді сауаттылықтың қалыптасуына бастама болады. Кітап оқу баланың ой – өрісін кеңейтеді, қиялын, шығармашылығын дамытады.