Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Консультациялық пункттің жұмыс жоспарына сәйкес, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы-халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында дене шынықтыру маманы Боранбаева Аққу Есмырзақызы ата-анаға «Бестемше» ұлттық ойынын таныстырды және қалай ойнау керектігін көрсетті. Ойынның басты маңызы-баланың ойлау жүйесін дамытатынын айтып түсіндірді. «Бестемше» ұлттық ойыны танымдық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамытуға, ұсақ моториканы және стратегиялық ойлауды дамытуға, математикалық есептеулерді жүргізуге ықпал тигізеді.
Аққу Есмырзақызы «Бестемше» ұлттық ойынын үй жағдайында балалармен ойнауға кеңес берді.